RU

"Қорқынышпен күтуде": Алагөзова карантинде жатқан "Кешью" директоры жайлы айтты

Нұр-Сұлтанға Жапониядан ұшып келген ұшақ бортында қарапайым жолаушылармен қатар, коронавирус анықталған круизді лайнерден эвакуацияланған адамдар да болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баян Алагөзова мен Назым Басқынбаева. Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/instagram.com/nazymbaskynbayeva
Баян Алагөзова мен Назым Басқынбаева. Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/instagram.com/nazymbaskynbayeva: Twitter

Бұған дейін аталмыш лайнер бортында танымал "Кешью" тобының директоры болғаны анықталды. Назым Басқынбаева Токиодан оралып, 14 күндік карантинге жатқызылды.

Бұл жағдай директордың ғана емес, продюсер Баян Алагөзованың да наразылығын тудырған. Ашуға булыққан ол Instagram желісінде жазба жариялап, оқиғаға қатысты бар ойын ортаға салды.

Алагөзованың айтуынша, Назым Басқынбаева елге оралып, үй қарауында болуы керек екенін алға тартты. Себебі, Жапония мемлекеттер тізімінде 1 санатқа жатпайды.

Алайда продюсердің сөзінше, SCAT әуекомпаниясы мен билік өкілдері бұл жайтқа қатысты басқа шешім қабылдап, ұшақ бортына Diamond Princess круизді лайнерінен эвакуацияланған төрт қазақстандықты да отырғызған.

Алагөзова олардың коронавирус тасымалдаушылар болуы әбден мүмкін екенін жеткізіп, аталмыш жағдай өзге жолаушыларға үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтты.

Ол бұл шешімнің қабылдану себебін түсінбейтінін мәлім етіп, әуекомпанияның басқа жолаушылар өміріне қауіп төндіріп отырғанын хабарлады.

Алагөзованың сөзінше, ұшақтың басқа жолаушылары мен экипаж мүшелері де карантинге жатқызылған.

Қазіргі таңда, олардан тиісті анализдер алынған. Олар тексеріс нәтижесін қорқынышпен күтуде. Карантиндегі отандастарымыз туған-туыстары мен жақындарымен ұялы телефон арқылы хабарласып жатыр.

Оған қоса, Алагөзованы орын алған жағдай үшін моралдік шығынды кім өтейтініні қызықтыруда. Ол аталмыш компанияның енді қауіпті ауруды жұқтырған адамдарды тасымалдап, өзге жолаушылардың өміріне қауіп төндірмесіне кім кепіл болатынына алаңдап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842549-korkynyspen-ktude-alagzova-karantinde-zatkan-kesu-direktory-zajly-ajtty.html