RU

Қару-жарақ ұрлап қашқан сержант "олжасын" 120 мыңға сатып жіберген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов шымкенттік сержанттың отыз автомат, тапанша, оқ-дәрілерді қалай және не үшін ұрлағанын айтып берді. Әскери қызметші қару-жарақты өткен айдың соңынан бастап ұрлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

сержанть

Фото: Polisia.kz / Әлеуметтік желі

Тергеу барысында қару-жарақтың шамамен бір айдай уақыт, қаңтардың соңынан бастап ұрланғаны анықталды.

Әділовтің сөзінше, кіші сержант бірнеше апта бойы бір-екі қару-жарақтан шығарып отырған. Оның сақтау камерасына кіруге құқығы болған.

Алайда ұрланған қарудың көп бөлігін ол қашқан күні шығарыпты. Оған бұл істе екі досы көмектескен. Жалпы алғанда, 29 автомат, 28 тапаша және екі сүңгі пышақ ұрланған.

Әділовтің айтуынша, қашып кеткен сержант қолға түскенінше ұрланған екі тапаншаны қолданып үлгерген.

Оларды 120 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Сатылған қару-жарақтар да табылып, тәркіленді.

Айта кету керек, сержант қашқан түні қызмет еткен бөлімше командирі, жедел кезекші және қатардағы жауынгер қамауға алынған.

Еске сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталған.

Бұдан кейін аймақта әскериді "Ұстау" операциясы жарияланды.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Кейін әскеридің ұсталуына қатысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдіріп, оның сыбайластары іздестіріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Сондай-ақ күні кеше сержанттың екі сыбайласы ұсталғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қару-жарақ ұрлап қашқан сержант "олжасын" 120 мыңға сатып жіберген
Mailfire view pixel