RU

Мұғалімдер сынақтан өту үшін 1,5 млн теңге төлеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық тестілеу орталығының Қызылорда облысындағы филиалының маманы мектеп оқытушыларын пара беруге үгіттеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мұғалімдер сынақтан өту үшін 1,5 млн теңге төлеген

Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Ұлттық тестілеу орталығы филиалының маманын әшкереледі.

Атап өтілгендей, ол Қызылорда қаласындағы орта мектеп мұғалімдерін Ұлттық тестілеу орталығының лауазымды қызметтегі тұлғаларына тестілеуден оң нәтиже алу үшін жалпы сомасы 1 миллион 400 мың теңге пара беруге үгіттеген.

Күдікті өз кінәсін мойындағанына байланысты оған қатысты процесуалдық құрықтау қолданылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу күдігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Параның мөлшері – екі миллион теңге. Болжам бойынша, бұл ақша үшін подполковник қылмыстық істі жабуы тиіс болған.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тергеу басталғанын айтты.

Алматы облысы МКД жұмысшысы және тергеуші, прокурор бірнеше мың доллар пара алған деген күдікке ілінген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мұғалімдер сынақтан өту үшін 1,5 млн теңге төлеген
Mailfire view pixel