RU

Дариға Назарбаева сенат отырысында ауыл шаруашылығы мәселесіне тоқталды

Бүгін сенаттың ауылшаруашылық кешені мәселелеріне байланысты өткен парламенттік тыңдалымында палата төрағасы Дариға Назарбаева сөз сөйледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ палата баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дариға Назарбаева сенат отырысында ауыл шаруашылығы мәселесіне тоқталды
Фото: Сенат баспасөз қызметі: UGC

Сөз сөйлеу кезінде сенат төрағасы ауылдың "біздің ұлттық бірлестігіміздің бесігі" және "патриотизмнің бастауы" екенін атап өтті.

Сенатордың мәліметінше, ауылдық жерде қазақстандықтардың 42%-ы тұрады екен. Бүкіл мемлекеттегі көрсеткіштерге қарамастан ауылдық жердегі адамдар қарапайым күн кешіп жатыр.

Сенатордың пікірінше, осы мәселе ауыл шаруашылығының "тежелуіне" себеп болуы мүмкін.

Назарбаева ауыл шаруашылығының көп жылдардан бері экономиканың проблемалы саласы болып отырғанын айтып өтті.

Бұл саланың жалпы ішкі өнімдегі бір бөлігі бірнеше жылдан бері тек төмендеп келеді.

Дариға Нұрсұлтанқызының пікірінше, "кестелер мен графигтердің" артынан ауыл тұрғындарының нақты проблемалары мен уәждері көрінбейді, бұл ауылдық жерлердегі өмір сүру сапасына әсер етеді, нәтижесінде адамдардың қалаға көше бастайды.

Сөз сөйлеу кезінде сенатор ауыл мен ауыл шаруашылығы мәселелерін ойланып, шешу керек екенін атап өтті деп жазады Tengrinews.kz.

Сөз соңында ол ауыл шаруашылығы кешенінде жылдар бойы жиналған жүйелі проблемалардың барын, сол үшін өзгерістер қажет екенін айтты. Десе де, кешен ұлттық экономиканың алға жылжуына әсер етуі мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1843255-dariga-nazarbaeva-senat-otyrysynda-auyl-saruasylygy-mselesine-toktaldy.html