RU

Сарапшы: Теңге сириялық қақтығыс салдарынан құлдырауы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ доллары таңертеңгілік сауда- саттықтың нәтижесінде бірден 1 теңгеге қымбаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сарапшы: Теңге сириялық қақтығыс салдарынан құлдырауы мүмкін

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Сауда-саттықта шетел валютасы құнының өсуі айырбастау пункттерінде белгіленген бағаларға да әсер етті. Осылайша, сатып алу бағамы бір бірлік үшін 380-381 теңгені құрайды.

Алайда, экономист Арман Байғановтың айтуынша, теңге қор биржасында құлауы мүмкін. Оның айтуынша, Сирия мен Түркия арасындағы қақтығыс оған себеп болуы мүмкін деп жазады Tengrinews.kz.

Экономист әскери қақтығыстар қатысушы елдердің экономикалық жағдайына әрдайым теріс әсер еткенін атап өтті. Сондай-ақ, қаржы нарығындағы жағдай коронавирусқа байланысты тұрақсыз болып тұр.

Сарапшының айтуынша, рубльдің соңынан теңге де өз позициясын жоғалтуы мүмкін.

Қазіргі уақытта, Kurs.kz ақпараты бойынша, "американдықты" 376-381,8 теңгеге сатып алуға болады. Айырбас пункттерінде бір доллар 382,4-тен 383,5 теңгеге дейін сатылады.

Естеріңізге сала кетейік , бұған дейін Түркия өзінің 33 әскери қызметкерлері қайтыс болғаннан кейін Сирияға соққы берген болатын. Түрік билігі бұл мәселеде тоқтап қалмайтынына сендірді, сондықтан Сирияға соққы бірнеше рет жасалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сарапшы: Теңге сириялық қақтығыс салдарынан құлдырауы мүмкін
Mailfire view pixel