RU

Алматыда митинг өтіп жатыр (фото)

Оңтүстік астанада Ганди атындағы саябақта заңды бейбіт митинг басталды. Жиналған көпшілік мегаполистің нүктелік құрылысына қарсы шығып, тиісті мораторий жариялауды талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Бұған дейін, Алматы билігі азаматтық белсенділерге қаланы тығыздау мен нүктелік құрылысқа қарсы наразылық шеру өткізуге рұқсат берген болатын. Санкцияға сәйкес, жиналыс бүгін, 29 ақпан күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін жалғаспақ.

Жиналған белсенділердің айтуынша, олар қаладағы нүктелік құрылысқа тыйым салуға бұрыннан бері қолдау білдіріп келеді. Олар мұндай тәжірибені "кейінге қалдырылған қазақстандықтардың өлімі" деп санайды. Бұл туралы Zakon.kz cайты хабарлады.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Шерушілер нүктелік құрылыс мәселесі Қазақстан Конституциясының он алты бабына қарама-қайшы келетінін мәлімдеді.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Белсенділер құрылыстың бақтар мен саябақтарды толығымен қамтитынына наразылық танытуда. Олар бұл әрекеттерді қылмыстық заңнаманы бұзу деп атады.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Олар құрылысқа тыйым салып, заң бұзушылық көрініс тапқан оқиғаларға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуді талап етуде.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843324-almatyda-miting-tip-zatyr-foto.html