Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың салдарынан Жапониядағы қазақстандықтарға санақ басталды

Опубликовано:

Қазақстанның Жапониядағы елшілігі қазіргі уақытта күн шығыс елінің аумағында жүрген барлық отандастарымыздың санағы жүргізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

wtgxr
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомство өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеме жасады.Хабарламада мұндай әрекеттің ел аумағында коронавирус тарауына байланысты жасалып жатқаны айтылған.

Елшілік алдағы уақытта төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда жедел әрекет ету үшін барлық ҚР азаматтарынан өздерінің ресми деректерін сілтеме арқылы өтіп, берулерін өтінді.

Одан бөлек, дипломатиялық ведомство Жапонияда инфекцияның таралуына байланысты Қазақстан азаматтары үшін шұғыл желі ашылғанын хабарлады. Қажеттілік туындаған жағдайда кез келген отандасымыз мына нөмірге хабарласа алады: +81 80 2111 0909.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 2870 адамды құрағанын хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек АҚШ аумағында да коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам өлімі тіркелді. Осыған байланысты Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843395-koronavirusty-saldarynan-zaponiadagy-kazakstandyktarga-sanak-bastaldy/

pixel