RU

Маңғыстауда коронавирус салдарынан іс-шаралар қысқартылды

Дүниежүзі бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны дамылсыз өсіп жатыр. Құзырлы органдар жұқпалы аурудың Қазақстанға еніп кетпеуіне барынша тосқауыл болуда. Мәселен, жуырда Маңғыстау облысында мәдени іс-шараларға шектеу қою туралы шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстауда коронавирустың салдарынан бірқатар іс-шаралар қысқартылды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Өңірдің бас мемлекеттік дәрігерінің орынбасары Гүлнар Көркінбаева коронавирустың облыс аумағына енбеуі үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты деп жазады Lada.kz.

Осылайша, мемлекеттік ұйымның, органдардың және облыстың өзге де кәсіпорындарының меңгерушілеріне қызметкерлерін коронавирус бойынша қолайсыз болып табылатын мемлекеттерге іс-сапарға жіберуді шектеу тапсырылды.

Сондай-ақ, өңірде мәдени шаралардың санын барынша қысқарту туралы шешім қабылданды. Себебі адамдар көп жиналған орындарда ауруды жұқтырудың мүмкіндігі басым.

Барлық ұйымдарды залалсыздандырғыш құралдармен қамтамасыз ету - профилактиканың тағы бір әдісі.

Кәсіпорындарға ылғалды тазалау жұмыстарын өткізіп, бөлмені жиі желдетіп тұруға кеңес берілді. Мамандар ғимарат ішіне антисептиктер бар диспансер орнатуға кеңес берді.

Көркінбаева құзырлы органдарға коронавирусты таратудың тәсілдері мен одан қорғанудың әдістерін түсіндіретін санитарлы-ағарту жұмыстарын жүйелі түрде өткізуге тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда 80 мыңнан астам адам короновирус жұқтырғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843440-magystauda-koronavirus-saldarynan-is-saralar-kyskartyldy.html