Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбит Әбдіхалықов Әуезов театры директоры қызметінен кетті

Опубликовано:

Белгілі актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың директоры қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Instagram/sabit_abdykalykov
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov: Instagram
"Сәбит Әбдіхалықов 2020 жылдың 28 ақпанынан ресми түрде театр директоры емес. Театрға келді, алайда ұжыммен ресми түрде қоштасқан жоқ. Ал ресми бұйрықтың нөмірі маған белгісіз. Әбдіхалықов денсаулығына байланысты демалысқа кеткен кезден бастап театрды уақытша басқару актер Жарас Толғанбайға жүктелді", - деді театрдың баспасөз хатшысы Гүлім Рысқұлова.

Оның сөзінше, театрға кімнің басшы болып келетіні әзірге белгісіз.

"Нақты кімнің басшы болып келетіні бізге беймәлім. Алайда келесі аптада жаңа басшы келуі мүмкін. Себебі театр біраз уақыттан бері басшысыз отыр. Бұл ресми ақпарат емес, тек театр қызметкерлерінің болжамы", - деді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықовтың қызметтен кететіні жайлы сыбыс тарап, театр актерлері бұл шешімге қарсы шыққан еді.

Кейін қызметінен кетуіне қатысты актердің өзі де пікір білдіріп, себебін атаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843566-sbit-bdihalykov-uezov-teatry-direktory-kyzmetinen-ketti/

pixel