RU

Карантинде жатқан "Кешью" директоры аштық жариялады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантинге жатқызылған "Кешью" музыкалық тобының директоры Назым Басқынбаева аштық жариялағанын хабарлады. Ол науқастарға анализ нәтижелері берілмегенін, медициналық орталықтағы санитарлық жағдайды жақсарту керектігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram / nazymbaskynbayeva

Фото: Instagram / nazymbaskynbayeva

Бұл туралы Назым Басқынбаева Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ол анализ нәтижелері туралы сенімді ақпарат беруді талап етуде.

Назымның айтуынша, карантинге жатқызылған науқастардан бес сынақ алынғанымен, әлі нәтиже берілмеген.

"Бізден 3 анализ алып, оң нәтиже көрсетсе, жіберу керек еді. Алайда қазіргі уақытта 5 анализ алса да, ешкім бізге биомәліметтерді неге көп жинап жатқанын ешкім түсіндірген жоқ. Осы уақытқа дейін бірде-бір қағаз не анықтама көрмедім", - деді "Кешью" директоры.

Одан бөлек, Назым дәрігерлерлерге пациенттердің санитарлық жағдайын жақсарту керектігін ескертті.

Сондай-ақ, ол палаталарда жалпы тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін тілге тиек етті.

"Мен тамақ пен жайлылық туралы емес, тазалық пен гигиена жайлы айтып тұрмын!", - деп жазды Басқынбаева.

Соныен қатар, "Кешью" директоры Денсаулық сақтау министрлігінен уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын ресми анықтама беруді талап етті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Баян Алагөзова карантинде жатқан "Кешью" директоры жайлы айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантинде жатқан "Кешью" директоры аштық жариялады
Mailfire view pixel