RU

Көкшетауда үш әйел өздерімен таныспақ болған ер адамды ұрып кетті

Көкшетаудағы кафелердің бірінде үш әйел бір ер адамға жабылып, оны ұрып тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көкшетауда үш әйел өздерімен таныспақ болған ер адамды ұрып кетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ең кішісі 38 жаста, қалған екеуі одан төрт жасқа үлкенірек үш әйел көрші үстелде отырған 43 жастағы ер адамды ұрып тастады.

Аталмыш жағдай 1 наурызда базар ауданындағы кафелердің бірінде таңғы алтыда болған. Мейрамханада бірнеше адам демалып отырған.

Полицияның айтуынша, ер адам әйелдермен танысу үшін олардың үстеліне келген. Олардың арасында жанжал туындапты. Ішімдікке мас болып қалған олардан кафе әкімшілігі сыртқа шығуларын талап еткен. Алайда олар тынышталудың орнына бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Үш әйел ер адамды ұрып тастаған.

Төбелес жайлы куәгерлер кезекші бөлімге хабарлапты. Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен шұғыл тергеу тобы келген. Олар ер адамды ашулы әйелдерден ажыратып алған.

Қазіргі таңда "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Ал әйелдерге "міндетті түрде келу керек" деген бұлтартпау шарасы қабылданған.

Полиция департаментінің айтуынша, әдетте төбелес кезінде әйелдер зардап шегетіндіктен, мұндай дерек өте сирек кезеседі.

Еске сала кетсек, Көкшетауда әйелін пышақтаған ер адам бөлмесін өртеп, терезеден секіріп кеткен еді. Ер адам алған жарақатынан қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843601-kksetauda-s-jel-zderimen-tanyspak-bolgan-er-adamdy-ryp-ketti.html