Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда мүгедек қожайынына қамқор ит жұрттың жүрегін елжіретті (фото, видео)

Опубликовано:

Таразда әйгілі Хатиконың ізбасары пайда болды. Аңыз иттен ерекшелегі ол мүгедек қожайынының арбасын итеріп, демеу көрсетеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: Depositphotos

Иесіне қамқор жануардың әрекеті бейнелген видео желіде тарады. Кадрдан иттің адамға деген адалдығы мен қамқорлығын аңғару қиын емес. Әлеуметтік желіге тараған видео қызу талқыланып жатыр.

Ал арбаға таңылған қарияны телеарна тілшілері анықтаған.

Белгілі болғандай видеодағы атай 81 жастағы зейнеткер болып шықты. Оның бір аяғы жоқ, 1-ші топтағы мүгедек. Қарт кісі жалғыз тұрады.

Зейнеткердің қамқоршысына айналған иттің аты - Магнус. Анатолий Дербенев оны Шығыс Еуропа овчаркасы тұқымынан болуы мүмкін дейді. Сондықтан иті тек күзетші ғана емес, өзінің сенімді серігіне, сырласына айналған. Екеуі әрдайым бірге.

Анатолий Дербенев итімен. Кадр КТК арнасы
Анатолий Дербенев итімен. Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Қария ақылды итті көруге келетіндердің қарасы көбейгенін айтады. Дегенмен қызық іздегендерге сақ болуға кеңес береді. Себебі, төбет көшеде жуас болғанымен, үйде қатыгез көрінеді.

"Мен әдейілеп ештеңе үйреткен жоқпын. Әйтеуір өзінен-өзі арбаға жотасын тосып, демейтінді шығарды. Менің арбамның тежегіші істемейді. Кейде тоқтата алмай қаламын. Зуылдатқан кезде өзім қорқып кетемін. Жалпы, менің бес итім болды, бәрі ақылды. Мынау – алтыншысы", - дейді Анатолий Дербенев.  

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, иесіне қамқор ит жайлы бұған дейін де жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843626-tarazda-mgedek-kozajynyna-kamkor-it-zrt-zregin-elziretti-video/

pixel