RU

Қажылыққа велосипедпен аттанған азамат Меккеден алған әсерімен бөлісті (фото, видео)

Ақтөбелік тұрғын Дәулет Тәжікенов Алла алдындағы бес парызының бірін өтеу үшін Меккеге велосипедпен аттанған еді. Осы орайда екі айдан аса уақыт жол жүріп, мұсылмандық парызын орындаған азамат KAZ.NUR.KZ-ке қасиетті жерден алған ерекше әсерлерімен бөлісті.

Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрғатынан
Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрғатынан: UGC

Дәулет Тәжікенов Меккеге 67 күнде жеткен.

"Шамамен 6 мың шақырымдай жол жүрген шығармын. Шыны керек, есептемедім. Ал Әл-Харам мешітін алғаш көзбен көргендегі әсер ерекше. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барша мұсылман баласына қажылық нәсіп етсін", - дейді ол.

Ақтөбедегі фитнес орталықтың бірінде жаттықтырушы болып жұмыс істейтін азамат бұл сапар үшін ұзақ дайындалған.

Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрғатынан
Фото: Дәулет Тәжікеновтің жеке мұрғатынан: UGC

Үлкен жолға жалғыз аттанған Дәулет сапарын Ақтөбе қаласынан бастап, Шешенстан, Дағыстан, Әзербайжан, Иран мемлекеттерімен жүріп өткен.

"Қайтар жолымның қалай болатынын білмей отырмын. Қазір қауіпті вирусқа байланысты Иран жабық. Біріккен Араб Әмірлігі екі-үш күн бұрын Қазақстан, Ресей азаматтарын кіргізуді тоқтатты Қазір қасиетті орындарға ғибадат етудемін", - дейді Дәулет Тәжікенов.

Кейіпкеріміз Мекке қаласындағы Нұр тауының басында түсірілген видеоны да жолдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәулет Тәжікеновтің қажылыққа велосипедпен аттанғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1843654-kazylykka-velosipedpen-attangan-azamat-mekkeden-algan-serimen-blisti-foto-video.html