RU

Темір торда жазықсыз 23 жыл отырған адамға 570 млн теңгеге жуық ақша берілді

Түрмеде 23 жыл жазықсыз отырған АҚШ-тың Канзас штатының тұрғыны Ламонт Макинтайрға 1,5 миллион доллар көлемінде (570 млн теңгеге жуық) ақша берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Unilad басылымының мәліметінше, АҚШ тұрғыны 1994 жылы екі адам өлтірді деген күдікке ілініп, темір торға тоғытылған.

Айыпталушы абақтыда 8 583 күнін өткізіп, 2017 жылы 41 жасында бостандыққа шықты.

Өмірінің тең жартысын түрмеде өткізген Ламонт Макинтайр 2019 жылы Канзас штатына арыз жазып, мемлекеттен моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап еткен.

Нәтижесінде оның шағымы қаралып бір жарым миллион доллардан бөлек, кінәсі жоқ екенін дәлелдейтін сертификат, 2020-2021 жылдардағы мемлекеттік медициналық қызметке тегін жүгіну мүмкіндігі берілді.

Сондай-ақ, ер адам жоғарғы оқу орнында тегін білім алатын болады.

"Канзас штаты менің 23 жылым мен жастық шағымды алып қойды. Туған күндерім мен отбасымен бірге өткізетін мерекелерден айырылдым. Жақындарыма көмек керек болған кезде жанында болмадым. Анам әкесінен, менің сүйікті атамнан айырылған уақытта жұбата алмадым", - деді ер адам.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысын Серік Ахметов басқарған тұста әкім орынбасары қызметін атқарған Ғабит Мұхамбетовтың толығымен ақталып шыққанын хабарлаған едік.

Бұрынғы шенеунік кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін ешқандай ақша алмағанын дәлелдей алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843868-temir-torda-zazyksyz-23-zyl-otyrgan-adamga-570-mln-tegege-zuyk-aksa-berildi.html