RU

Көкшетауда қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне күдіктіге қатысты үкім шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандырылған соты "Охотзоопром" инспекторы Қаныш Нұртазиновтың өліміне күдікті Анатолий Бонякевичке қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көкшетауда қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне күдіктіге қатысты үкім шықты

Фото: KAZ.NUR.KZ

Үкім шықпай тұрып зардап шеккен инспектор Самат Оспанов жүрек тұсына жақын жерден жарақат алғанын сөз етті. Ол ауруханада 21 күн жатқан. Қазіргі таңда өзін жақсы сезінуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кәнілі деп айыпталып отырған Анатолий Бонякевич сот залында өзін сабырлы ұстады.

Нәтижесінде сот үкімімен ер адам кәнілі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларын атып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

23 шілде күні "Охотзоопром" инспекторларының бірі браконьерлер қолынан қаза тапқан. Екіншісі ауыр жарақат алды.

Кейіннен Ақмола облысының полиция департаменті арнайы жедел-тергеу тобын құрып, ұстау операциясын енгізді.

Қостанай облысындағы инспекторды шабуылдау және өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның көлігінде 13 жастағы ұлы болған. Олар - Арқалық тұрғыны.

Сот алдына тек Анатолий Бонякевич келді. Оған үш бап: қызметте жүрген кісіні өзге қылмысты жасыру үшін өлтіру; екі тұлғаны өлтіруге оқталу; ірі залал келтіріп, заңсыз аң аулау бойынша кінәлі деп танылды.

Журналист: Сәуле Құсаинова

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көкшетауда қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне күдіктіге қатысты үкім шықты
Mailfire view pixel