RU

Таиландтан ұшып келіп, коронавирусқа тексерілмек болған оқырман өз шындығын жайып салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Біздің алматылық оқырманымыз коронавирус күдігімен карантинге қалай жатқанын айтып берді. Ол қауіпті инфекция өршіген елдердің II санатына кіретін Таиландтан елге оралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес, коронавирус кең тараған елдердің II санатына кіретін мемлекеттен келгендердің барлығы екі апта бойы үй карантинінде болуы қажет.

Содан кейін арнайы ауруханада тағы 10 күн қаралуға міндетті.

Одан бөлек, карантин уақытында дәрігерлер күнде қоңырау шалып, олардың жағдайын сұрап отыруы жөн.

Алматылық азаматтың айтуынша, солай тек құжат жүзінде ғана болыпты. Шындығында, жоғарыда айтылғандардың көбісі іске аспаған.

Әрі қарай ер азаматтың әңгімесін ұсынамыз.

"Біз достарымызбен бірге Таиландта демалдық. Билік коронавирусы бар елдерден келгендердің барлығын шынымен бақылауда ұстайды ма? Жоқ.

Ұшаққа отырғызбастан бұрын барлық жолаушыларға сауалнамалар жасалды, онда сіз коронавируспен ауыратын науқастармен қайда және қашан байланыста болғаныңызды сипаттау қажет.

Әуежайда осы анкеталарды кеден бекеттерінен кейін тұрған қызметкерлер жинап алды.

Анығында, анкеталар мен температураны бақылау - денсаулық сақтау министрлігінде күн сайын айтылатын қорғаныс шаралары болып табылады.

Бірақ бұл нәтиже бермейді!

Біз транзитпен Ташкент арқылы ұшып кеттік.

Мен отбасымен бірге Таиландтан ұшып келген ер адамның балаларына қайдан ұшып келгенін, қайдан келгенін айтпауды сұраған сәтінің куәгері болдым. Әкесі коронавирус өршіп тұрған елден келгенді білсе, "карантинге жатқызады" деп қорыққан болуы керек.

Сауалнамаға олар Өзбекстанда болдық деп жазды деп күдіктенемін.

Ақпарат мүлде тексерілмейді, жалған есім жазуыңызға да болады. Қате телефон нөмірін қалдырсаңыз да білмейді. Мұндай ақылды адамдар бізге қанша және қайдан келгенін елестете аламын. Бірақ сіз бәрін дұрыс толтырсаңыз да, сізге ешкім мән бермейді.

Бұны барлығы сырт көз үшін ғана.

Барлық анкеталар мен БАҚ беттеріндегі барлық хабарламалар толықтай бақылауда деп хабарлайды. Ештеңе де бақылауда емес.

Алматыға оралғаннан төрт күннен кейін мұрным пышылдап, тамағым ауыра бастады.

Аурудың белгілері пайда болғанға дейін және дәрігерлерге өзім бармағанша, маған карантин ережесіне сәйкес, бірде-бір адам қоңырау шалып, жағдайымды сұрап келген жоқ. Бұндай жағдай тек менің басымда ғана болмады, менің барлық достарымда да кездесті.

Сонымен, сіз коронавирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз, не істеу керек?

Мен 1406 нөміріне қоңырау шалудан бастадым. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігі барлық жерде жарнамалайтын бірыңғай байланыс орталығы.
Оларға әңгімемді айтып беріп едім, маған тұрғылықты жердегі клиникаға хабарласу керек екенін ескертті.

Содан ауруханаға хабарластым. Ақ халаттылар дәрігермен кездесуді сұрады, ол ... бейсенбі күні түстен кейін қабылдай алады екен (негізі сейсенбі күні қоңырау шалдым).

Демек, коронавирус күдігіне ілінген мен ешқандай ем-дом қабылдамай бірнеше күн дәрігердің қабылдауын күтуім керек.

Содан учаскелік дәрігерден көмек болмайтынын түсініп, 103 нөміріне байланысқа шықтым.

Олар "жедел жәрдем көлігі қажет пе?" деп сұрады, ал мен "білмеймін" деп жауап қайырдым. Өзімді қалыпты сезіндім, тек тамағым ауырып, мұрным пышылдағаны үшін, жедел жәрдем шақырғым келген жоқ.

Нәтижесінде өтінішім сол күйінде қалып, маған ешкім көмектеспеді.

Әйтеуір соңында маған ауруханадан бір қызметкер қоңырау соғып, "коронавирус жұқтырған жанмен байланысқа түскен, түспегінімді" сұрады кейінірек дәрігер келетінін мәлім етті.

Содан соң тағы да менімен байланысып, дәрігерлердің келмейтінін ескертті.

Мен журналист достарымнан Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласып, не істеу керектігін біліп беруді сұрадым.

Осыдан кейін ғана дәрігерлер келді.

Егер шу шығармасаңыз, сізге ешкім көмектеспеуі мүмкін. Біз осындай елде тұрамыз.

Поликлиникадан дәрігер келіп, мені көріп, "жедел жәрдем" шақырды. Айта кетейін, олар коронавирустан қорғайтын костюммен болған жоқ. Медициналық мамандарда тек маска киді.

Телефонмен ол диспетчерге барлық жағдайды түсіндірді. Негізінде арнайы костюм киген дәрігерлер тобы келу керек еді.

Тек жай ғана жедел жәрдем көлігі келді. Дәрігерлерде тіпті, медициналық қолғап та болған жоқ.

Жедел жәрдем дәрігері мені қолғапсыз қарады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Содан олар тағы бір жедел жәрдем көлігін шақырды. Жағдай күлкілі. Аулада бірнеше "жедел жәрдем" тұр. Көршілердің түрлерін елестетіп көріңіз", - деген тұрғынды соңында инфекциялық ауруханаға алып кеткен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Іс-әрекеттің келісілмегені және дайындықтың болмауы-міне, жай ғана жоқ жерден вирус жұқтырғандардың көбеюіне әкелуі мүмкін. "Жедел жәрдемдегі" дәрігердің әрі қарай тағдыры, оның басқа да шақыртуларға барған-бармағаны маған белгісіз", - деп сөзін түйіндеді оқырман.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан.

Карантин кезінде берілген тамақ

Карантин кезінде берілген тамақ

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таиландтан ұшып келіп, коронавирусқа тексерілмек болған оқырман өз шындығын жайып салды
Mailfire view pixel