RU

Алматыда 8 наурызда ауа райы 14 градусқа дейін суытуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда мереке күндері ауа райы суық болады деп күтілуде. Cиноптиктердің болжамынша, оңтүстік астанада күн суытып қана қоймай, қар жаууы ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы gismeteo.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 8 наурыз күні ауа-райы 14 градус суық болмақ

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Синоптиктердің мәліметінше, жұма күні ауа температурасы төмендей бастайды. Бұл күні ауа райы бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады.

Дәл осындай ауа райы 7 наурыз күні де сақталмақ. Түнгі уақытта ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Ал жексенбі күні қар жауады деп күтілуде. 8 наурызда күн-14 градусқа дейін суытуы ықтимал.

Алайда салқын ауа райынан кейін қайта күн шығып, 3-тен 6 градусқа дейін күн жылынады.

Дәл осындай ауа райы елдің өзге өзге аймақтарында да болмақ.

Жалпы температуралық көрсеткіштер климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады.

Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының сөзінше, мейрам күні жексенбіге түссе, одан кейінгі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс.

Айта кетейік, елімізде егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 8 наурызда ауа райы 14 градусқа дейін суытуы мүмкін
Mailfire view pixel