RU

Алматы облысының тұрғындары көкпар ұйымдастырды (видео)

Алматы облысында жол жүру бөлігінде көкпар ойнаған төрт шабандоз ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысының тұрғындары көкпар ұйымдастырды (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желілерде таралған видео кадрларында атқа мінген адамдар бейнеленген. Олар ойын барысында жол жүру бөлігіне жүгіріп шыққан.

Полиция қызметкерлері оқиғаның Алматы облысының ауылдық жері, атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде болғанын анықтады.

Анықталғандай, ауылдық округ тұрғындары ұлттық ойынға қатысуға бел буған. Ойынға жиырмадан астам ауыл тұрғындары қатысты деп жазады Polisia.kz

Белгілі болғандай, ер адамдар биліктен аталған іс-шараларды өткізуге ресми рұқсаты алмаған.

Қазіргі таңда жарыстың төрт қатысушысының ұсталғаны белгілі. Олар Рахат ауылының тұрғындары. Жасы 20-дан 32-ге дейін. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сол ойындарға қатысқандарды, сондай-ақ оларды ұйымдастыру мен өткізумен айналысқандарды анықтап жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843973-almaty-oblysyny-trgyndary-kkpar-jymdastyrdy-video.html