RU

Оңтүстік Корея Қазақстан үшін "қолайсыз" елдер қатарына кірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус жұқтырғандар саны бірнеше мыңға жеткен Оңтүстік Корея "қолайсыз" елдердің қатарына енді. Енді осы мемлекеттен Қазақстанға келгендердің барлығы карантинге жатқызылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік Корея Қазақстан үшін "қолайсыз" елдер қатарына кірді

Көрнекі фото: Getty Images / Woohae Cho

Мұндай қаулыға еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған. Жарлық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында жарияланған.

Құжатта ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін алдағы уақытта күшейтілетін шаралардың тізімі жасалған.

Қаулыда мегаполистер әкімдеріне, транспорттық департамент және сапа бақылау комитінің аймақтық департамент жетекшілеріне, сондай-ақ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығына берілген тапсырмалар көрсетілген.

Алайда, қаулының басты жаңалығының бірі - коронавирустық инфекцияның кең таралуына байланысты қазіргі кезде"қолайсыз" болып саналатын елдер тізімінің өзгеруі болды.

Сонымен бірінші санатқа Оңтүстік Корея елі де кіргізілді. Сондай-ақ бұл қатарда Қытай мен Иран мемлекеттері бар.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, ДДСҰ дерегі бойынша Қытайдан тыс жерде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Корея Қазақстан үшін "қолайсыз" елдер қатарына кірді
Mailfire view pixel