RU

Актриса Әсел Қалиева екінші мәрте ана атанбақ (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кино саласының жұлдызы Әсел Қалиева екінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады. Қуанышы қойнына сыймаған актриса отбасында болып жатқан игі жаңалығымен әлеуметтік желіде бөліскен. Қызығы, ол өзі түскен соңғы фильмде жүкті әйелдің рөлін сомдап, түсірілім аяқталған соң кинодағы образы шынайы өмірінде жалғасын тапқан деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/asselkalieva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/asselkalieva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

36 жастағы Әсел Қалиева аяғы ауыр екенін өзінің Instagram парақшасында растады. Белгілі актриса мен оның жолдасы режиссер Ернар Нұрғалиев екінші мәрте ата-ана атануға қамданып жүр.

Киножұлдыз күйеуі түсірген "Жаным, ты не поверишь" атты фильмінде жүкті келіншектің рөлін ойнап, кейіннен шынайы түрде өзінің аяғы ауыр екенін білген.

Жақын арада балалы болатынын хабарлаған Әсел Қалиева желіде құттықтаулар қабылдап жатыр. Актрисаның оқырмандары жұлдызды жұпқа деген ақ тілектерін жарыса жаудырған.

"Құттықтаймыз, қызды болуды нәсіп етсін" , "Атұстарларыңыз бар. Енді қыз бала керек" , "Жарайсыздар. Құттықтаймыз. Сіздер үшін аса қатты қуаныштымыз" , "Балапандарыңыз көбейе берсін" , "Бақытты болып өссін" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұл Қалиева мен Нұрғалиев үшін екінші сәби болмақ. Ерлі-зайыптылар одан басқа Нәби есімді ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Еске сала кетейік, күні кеше 32 жасында тұрмысқа шыққан Луинаның да жүкті екені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Актриса Әсел Қалиева екінші мәрте ана атанбақ (фото)
Mailfire view pixel