RU

Назарбаев бүгін Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада 5 наурыз күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

Жиналыс бүгін, 5 наурызда, Нұр-Сұлтанда өтеді. Жиналыста қандай мәселе көтерілетінін Айдос Үкібай нақтыламады.

Іс-шара жабық есік түрінде өтпек.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдап, оңтүстік астанадағы бірқатар мәселелерді атап көрсеткен болатын.

"Өткен жыл жақсы көрсеткіштермен аяқталды. Алматы – Қазақстандағы ең үлкен мегаполис. Қалада көптеген проблема бар екенін білемін. Ол – экология, көлік, шағын және орта бизнестің дамуы, көші-қон мәселесі мен халықты жұмыспен қамту. Бұл мәселелер бізге бұрыннан белгілі. Оларды жүйелі түрде шешу маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш президенті өсіп келе жатқан қала халқын әлеуметтік нысандармен – емханалар, мектептер және балабақшалармен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев бүгін Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді
Mailfire view pixel