RU

Алматы облысындағы өрттен үш бала қаза тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Есік ауылындағы жер үйде орын алған өрт салдарынан үш бала қаза тауып, бір келіншек зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / taldykorganec.insta

Фото: Instagram / taldykorganec.insta

Төтенше жағдай бесінші наурызға қараған түні орын алған.

Үш баланың қаза болғаны жайлы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі "Талдыкорганец" деген парақшада жарияланған.

Анықталғандай, жер үйде орын алған оқиғада үш бала қаза тауып, 68 жастағы әйел зардап шеккен. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, келіншек денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ішкі электр сымдар жүйесінің тұйықталуы себеп болған.

Оған қоса, аталмыш оқиғаны аудандық ауруханада растап, зардап шеккен ійелдің ауыр халде жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Дәрігерлер келіншектің жанын аман алып қалу үшін барын салуда.

Қаза тапқан балалардың ата-анасы жұмыс бабы бойынша көрші елде деген болжам бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысындағы өрттен үш бала қаза тапты
Mailfire view pixel