RU

Данияр Елеусінов үш тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады

Қазақстандық Данияр Елеусіновтің промоутері боксшының келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Отандық спортшының алдағы қарсыласы - үш тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонго деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar
Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar: UGC

Отандасымыз шаршы алаңға 17 сәуірде көтеріледі.

Джулиус Индонго мен Данияр Елеусінов арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Мэриленд штатында өтеді деп жоспарланған.

Қос боксшының кездесуін DAZN стримингтік платформасы көрсетеді, деп жазады Sports.ru.

Еске сала кетсек, 28 жастағы Данияр Елеусінов соңғы кездесуінде жартылай орта салмақтағы WBC Continental Americas бұрынғы чемпионы, АҚШ спортшысы Алан Санчеспен жұдырықтасты.

Жекпе-жекте айқын басымдылығын көрсеткен қазақстандық бокшсы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа жіберді.

2019 жылы Данияр Елеусінов төрт жекпе-жек өткізіп үлгерді. Олардың барлығы отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Еске сала кетейік, 28 наурыз күні кәсіпқой бокста жұлдызы жанып келе жатқан тағы бір боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Оның қарсыласы жеңілмеген ганалық Исса Самир. Кездесу Канадада өтпек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844559-daniar-eleusinov-s-tzyrymdagy-bryngy-lem-cempionymen-zdyryktasady.html