RU

Үндістанда үш жасар балақайдан коронавирус анықталды

Үндістанда Керала штатында үш жасар бала коронавиурс жұқтырды. Балақай елде вирусты жұқтырған ең жас науқас деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ NDTV арнасына сілтеме жасап.

Үш жасар балақай коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Науқастанған бала отбасымен Италияға жасаған саяхаттан елге оралған. Олардан бөлек, әуежайда бес отбасынан коронавирус анықталған.

Сондай-ақ, Дамму мен Кашмир қалаларының аумағында 63 жастағы әйел адамнан вирус табылған. Атап өтілгендей, ол жуырда Иранда болып қайтқан.

Екі науқастың да жағдайы бірқалыпты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Болгарияда екі адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік. Бұл мемлекетте аталған вирус алғаш рет тіркелген.

Сондай-ақ, Грузияның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ауруларды бақылау ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзенің ұлы Николоз Гамкрелидзе өзінен коронавирус табылғанын хабарлады.

Николоздың айтуынша, ол коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған.

Айта кету керек, Калифорния жағалуында карантиге жабылған Grand Princess круиздік лайнерінде коронавирус жұқтырудың 21 жағдайы тіркелді.

Компания-операторның хабарлауынша кемеде 3 533 адам бар. Олардың - 2 422-і лайнер жолаушылары болса, 1 111-і 54 елден келген экипаж мүшесі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844568-ndistanda-s-zasar-balakajdan-koronavirus-anyktaldy.html