RU

Моңғолияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Моңғолияның мемлекеттік төтенше жағдай комиссиясы елде коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегін тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Монцаме ұлттық ақпарат агенттігі мәліметінше, науқас 2 наурыз күні Моңғолияға Франциядан Мәскеу арқылы транзитпен келген.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған адамның карантинге жатқызылғаны белгілі болды.

Оның жағдайы тұрақты деп бағаланған.

Сондай-ақ, шетелдікпен тікелей жақын болған Моңғолияның екі азаматы мамандардың кеңесін елемей, Дорногов аумағынан кетіп қалған.

Осыған байланысты тәртіпке бағынбағандар карантинге байланысты ережені бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайға іс-сапармен болған Моңғолия делегациясы екі аптаға карантинге жатқызылғанын хабарлаған едік.

Олардың ішінде ел президенті Халтмаагийн Баттулга бастаған лауазымды тұлғалар бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844582-mogoliada-koronavirus-zktyrudy-algasky-deregi-tirkeldi.html