RU

Генетика құдыреті: Сырт келбеті ерекше балалар жұртты таңдандыруда

Дүниеге сәби келген кезде көпшілік оның кімге ұқсағанын талқылай бастайды. Бірі оны анасына ұқсатса, бірі әкесіне ұқсатып жатады. Алайда табиғат сәбиді туысқандарының ешбіріне ұқсатпай, ерекше етіп жарататын кездер де болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Гендер айтып тұр
Фото: bigpicture.ru: UGC

Суреттегі альбинос егіздер афроамерикалықтардың отбасында дүниеге келді. Айта кету керек, 17 мың сәбидің тек біреуі альбинос болып туу мүмкін. Ал ол егіз болып туу мүмкіндігі одан да төмен.

Гендер айтып тұр
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мына суреттегі кенже балалар да егіз. Алайда ұл қара нәсілді болып, ал қыз альбинизммен дүниеге келген.

Гендер айтып тұр
Фото: bigpicture.ru: UGC

Суреттегі интернационалды жұп егіз баланы дүниеге әкелді. Алайда олардың тері түсі әркелкі болып шықты.

Гендер айтып тұр
Фото: bigpicture.ru: UGC

Суреттегі балалардың әкесі Ямайкадан шыққан, ал анасы англиялық.

Гендер айтып тұр
Фото: bigpicture.ru: UGC

Гендер айтып тұр
Фото: bigpicture.ru: UGC

Суреттегі балалардың кімге ұқсағанын бірден білу қиын емес.

Гендер айтып тұр
Фото: bigpicture.ru: UGC

Кэтрин — екі ақ нәсілді баланы дүниеге әкелген жалғыз қара нәсілді әйел.

Естеріңізге сала кетейік, ұлтаралық некеден туған арулардың сұлулығы көпті таңдай қақтырғанын жазған едік.

Кардиф университетінің ғалымдары зерттеу жұмысын жүргізіп, аралас некеден ең әдемі балалар дүниеге келеді деген пікірді толығымен растаған.

Зерттеу барысында ғалымдар қатысушыларға 1000-нан астам адамның суретін көрсетті. Олардың ішінде әртүрлі ұлттың қосылуынан туғандардың суреттері де болды.

Зерттеу жұмысының қатысушылары ең тартымды тұлғаларды таңдау керек болған. Осылайша сыналушылардың көбі "метистерді", яғни, әртүрлі ұлттың бірігуінен дүниеге келген адамдарды таңдаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844637-genetika-kdyreti-syrt-kelbeti-erekse-balalar-zrtty-tadandyruda.html