RU

Коронавирус қаупі: Министрлік демалыссыз жұмыс кестесіне көшті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин коронавирустың әлемде кеңінен таралуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі тәулік бойы жұмыс істеуге кіріскенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирус қаупі: Министрлік демалыссыз жұмыс кестесіне көшті

Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазір әлемде коронавирусқа қатысты жағдай екі-үш күн сайын өзгеріп тұрады. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі 6 наурыздан бастап тәулік бойы жұмыс істеуге көшті.
Бұл дегеніміз, демалыс та, мейрам да жоқ. Осының арқасында жағдайды күн сайын бақылап, шұғыл шараларды қолға алуға мүмкіндік бар", - деді Бекшин елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қытайда эпидемияға қарсы шаралар тиімді жүргізіліп келеді.

Соның арқасында коронавирусқа шалдыққандардың саны азайып отыр. Алайда Еуропада осы індетті жұқтырғандардың қатары күрт көбейген.

Атап өтер болсақ, Италия, Франция, Германия, Швейцария, Нидерланды, Швеция мен Норвегияда коронавирусқа шалдығу жағдайлары көбірек тіркелуде. Осыған байланысты бас санитар Еуропа елдеріне бармауға кеңес берді.

"Ол жақта аурудың көрсеткіші күрт көтеріліп кетті. Себебі бір одақ, адамдар емін-еркін жүреді. Ішкі шекара жоқ. Әуежайлары үлкен, адам көп жиналады", - деп атап көрсетті Бекшин.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері елімізге коронавирус жақын күндері кіруі әбден мүмкін екенін айтып, мәлімдеме жасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус қаупі: Министрлік демалыссыз жұмыс кестесіне көшті
Mailfire view pixel