RU

Қарағұсова: Несие алып, оны төлемейтіндерге күйініп жүрмін

Депутат Гүлжан Қарағұсова мәжілісте салық салу туралы заңды таныстыру кезінде әлеуметтік жағдайы төмен қазақстандықтардың кредит қарызын төлеп беру азаматтардың жауапсыздығына алып келетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Өмірімде бір рет ипотека, екінші рет несие алдым. Бәрін уақытынан бұрын жаптым. Неге олай жасағынымды білмеймін. Өйткені менің де қарызымды қазір жауып беретін еді. Мен несие алып, оны төлемейтіндерге күйініп жүрмін. Үкіметтің саясатымен келіспеймін", - деді мәжіліс депутаты.

Қарағұсованың айтуынша, мемлекеттің салық төлеушілердің есебінен несиелік қарыздарды кешіруі дұрыс емес.

Бұл туралы депутат мәжілістің салық заңнамасындағы өзгерістер талқыланған отырысы барысында айтты.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін ақши жинаудың оңай тәсілдерін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844741-karagsova-nesie-alyp-ony-tlemejtinderge-kjinip-zrmin.html