RU

"Наконец-то": Бекшиннің коронавирусқа қатысты сөзі желіде талқыға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше, 10 наурызда алдағы күндері еліміздің аумағына әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирустың келетіні туралы белгілі болды. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото әлеуметтік желіден алынды/t.me/telega01kz

Фото әлеуметтік желіден алынды/t.me/telega01kz

Бұл ақпарат тез танымалдылыққа ие болды. Ел тұрғындары 115 мемлекетте тіркелген қауіпті дерттің пайда болатынына емес, маманның коронавирустың Қазақстанға қай уақытта келетінін айтқанына таңғалды.

Желі қолданушылары аталған тақырыпта неше түрлі жазба жариялап, видео түсіріп, пікір қалдырып бас санитардың сөзін сынап, әзілдеді.

Фото әлеуметтік желіден алынды

Фото әлеуметтік желіден алынды

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитары болжам бойынша қатерлі аурудың 11-16 наурыз аралығында еліміздің аумағында тіркелуі мүмкін екенін атап өтті.

Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осыған байланысты пікір білдірді.

Ол әлем бойынша коронавирус инфекциясы 115 елге таралғанын алға тартты.

Министрдің сөзінше, олардың арасында бізге көршілес мемлекеттер және тікелей әуе қатынастарын орнатқан елдер де бар.

"Бәріміз сыртқы әлемнен толық оқшауланудың мүмкін еместігін түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі ықтимал екенін де жоққа шығармаймыз", - деді Біртанов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Наконец-то": Бекшиннің коронавирусқа қатысты сөзі желіде талқыға түсті
Mailfire view pixel