RU

Ел тұрғындарының 11-22 наурыз аралығында демалатыны рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық мессенджерлерде 11-22 наурыз аралығында қосымша демалыс болады деген хабарлама тарады. Онда Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен карантинге байланысты демалыс жарияланғаны айтылған. Осы орайда ведомство қауесетке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рассылка

Көрнекі фото: pixabay.com

"ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен карантинге байланысты 11-22 наурыз аралығы демалыс күндері деп жарияланды", - делінген хабарламада.

Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

"Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз, бұл жалған жаңалық", - деді ол.

Ведомствоның мәліметінше, кез келген "тыйым салатын" құжаттарда "Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен" немесе "Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен" деген сөздер болуы мүмкін емес.

Қазақстан бойынша шектеу шараларын жариялауға немесе тыйым салуға Денсаулық сақтау министрінің ешқандай өкілеттілігі жоқ. Қазақстан бойынша шешімді тек үкімет қана қабылдайды.

Елімізде коронавирус анықтала қалған жағдайда "Б жоспары" іске қосылатыны хабарланды.

Жоспарға сәйкес, карантин туралы шешім мен басқа да шараларды арнайы құрылған вице-премьер-министрдің жетекшілігіндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайды.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі бүгін коронавирус туралы мәлімдеме жасап, инфекцияның Қазақстанда анықталмағанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ел тұрғындарының 11-22 наурыз аралығында демалатыны рас па
Mailfire view pixel