RU

Kcell Қазнетке қолжетімді болу үшін Jańa тарифін енгізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілердегі тарифтелмеген мобильді интернет бұдан былай таңқаларлық емес. Осылайша, Kcell компаниясы әрі қарай дамып, танымал қазақстандық сайттарға тарифтелмеген қол жетімді жаңа Jana тарифтік желісін әзірледі. Тізімге онлайн-БАҚ кірді, сондай-ақ интернет-ресурстарды - Krisha.kz, Kolesa.kz, Market.kz, Satu.kz, Kundelik.kz және Egov.kz қамтиды.

Kcell компаниясы қазақстандық сайттар үшін Jana тарифтік желі әзірледі

Енді мобильді трафик шығыны туралы алаңдамай жаңалықтарды оқуға, тауарларды, автомобильдерді, жылжымайтын мүлікті және басқаларды сату туралы хабарландыруларды орналастыруға және көруге болады.

Тарифтік желі Jańa 1990, Jańa 2590 және Jańa 2990 топтамаларымен ұсынылған. Мобильді интернет пен дауыстық байланысқа бонустық көлемнің саны таңдалған топтамаға байланысты болады және activ/Kcell желісі ішінде тегін қоңырау шалу арқылы 50 минуттан және 5 GB басталады.

Jańa 2590 және Jańa 2990 топтамалар құнына әлеуметтік желілер мен мессенджерлер кіреді *.

«Бүгін біз activ абоненттері үшін Jańa жаңа тарифтік желісінің іске қосылғанын қуана жариялаймыз. Біз трендтерді мұқият қадағалаймыз, абоненттеріміздің қажеттіліктерін зерттейміз және өнімдер мен қызметтерді олардың үміттеріне сәйкес әзірлеуге тырысамыз. Жаңа тарифтік желіде біз күнделікті миллиондаған адамдар пайдаланатын ең танымал қазақстандық Интернет-ресурстарға тарифтелмейтін қолжетімділікті ұсындық. Бұл жаңалық абоненттерімізге тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болады деп сенеміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ коммерциялық директоры Хикматулла Насритдинходжаев.

Тарифтік желі шарттары туралы толық ақпаратты сайттан білуге болады.

*Jańa 2590 және Jańa 2990 құнына Instagram, WhatsApp, ВКонтакте, Facebook, Одноклассники, Telegram, TikTok, IMO-ға тарифсіз қол жетімділік қосылған.

*Jańa 2990 құнына бейнехостинг – Youtube қол жетімділік қосылған

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Kcell Қазнетке қолжетімді болу үшін Jańa тарифін енгізді
Mailfire view pixel