RU

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

акимм

Фото: facebook.com/profile.php, Көрнекі фото: pixabay.com

Жемқорлыққа қарсы агенттік әзірге Руслан Мамуновтың нақты қандай күдікке алынғанын жарияламады. Тергеудің құпиялығына сәйкес, ақпарат таратылмайды.

Дегенмен, жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік қызметкерге қатысты іс қозғағаны мәлім. Ол "қылмыс" жасады деген күдікке ілініп, сот санкциясы бойынша қамауға алынған.

Еске сала кетсек, шамамен 10 күн бұрын Мамунов өзінің қамауға алынғанына байланысты ақпаратқа пікір білдірген еді. Ол Facebook әлеуметтік желісінде арнайы видео жариялады.

Мамунов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің оған қатысты ешқандай кінәрат-талабы жоқ екенін алға тартты.

Ол төрт жыл бұрынғы іске куәгер ретінде қатысып жатқанын алға тартты. Қазіргі таңда Мамунов елордада жүр, шенеуніктің жазбасында оның бостандығын ешкім шектемегені айтылған.

Сондай-ақ, Ақтөбе өңірі әкімінің орынбасары жалған ақпарат таратып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргендерді сотқа беріп, жауапқа тартпақ.

Айта кетсек, 29 ақпан күні әлеуметтік желі мен кей БАҚ беттерінде Руслан Мамуновтың қолға түскені туралы ақпарат пайда болған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды
Mailfire view pixel