RU

Әлемді жаулаған аса қауіпті вирус Орта Азия елдеріне неге аяқ баспады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал дәрігер-эпидемиолог, БҰҰ жанындағы Халықаралық вакциналар институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Михаил Фаворов Орта Азия елдерінде коронавирус анықталмауының себебін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Әлемді жаулаған аса қауіпті вирус Орта Азия елдеріне неге аяқ баспады

Видеодан кадр

Өзбекстан астанасы Ташкентке арнайы келген Михаил Фаворов Орта Азия елдерінде коронавирус анықталмауының себебін ауаның құрғақтығы және адыраспанның өсуімен түсіндірген.

"Өзбекстандағы әріптестерімізбен бірге біз бір ерекшелікті байқадық. Қазіргі уақытта коронавирус тарамаған "моңғол үшбұрышы" деп аталатын бірқатар елдер бар. Мұның себептері жөнінде ұзақ ойландық.
Ауаның құрғақтығы, ерекше климат немесе ОА елдерінде ежелден залалсыздандыру үшін қолданылған адыраспан болуы мүмкін. Қазір бір нәрсені болжаудың еш мәні жоқ. Алайда Орталық Азияның бір де бір елінде COVID-19 жағдайы анықталмады және пайда болмайды деп үміттенемін", - деді Фаворов.

Еске сала кетсек, 10 наурызда Моңғолияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Алайда науқас 2 наурыз күні Моңғолияға Франциядан Мәскеу арқылы транзитпен келгені анықталған. Сондай-ақ коронавирус жұқтырған адам карантинге жатқызылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемді жаулаған аса қауіпті вирус Орта Азия елдеріне неге аяқ баспады
Mailfire view pixel