RU

Норвегия королі мен королевасы карантинге жатқызылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Норвегияда коронавирус пандемиясына байланысты оқшаулау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, шетелге сапарларынан кейін елдің королі мен королевасы, сондай-ақ сыртқы істер министрі мен бірқатар мемлекеттік шенеуніктер карантинге жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Норвегия королі Харальд V пен королева Соня. Фото: Heiko Junge

Норвегия королі Харальд V пен королева Соня. Фото: Heiko Junge

Елдің қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұсынысы бойынша барлық жоғары лауазымды шенеуніктер карантинге жіберілген.

Мемлекеттік NRK телерадиокомпаниясы мәлім еткендей, 83 жастағы Норвегия королі Харальд V пен оның 82 жастағы жұбайы – королева Соня карантинге жатқызылды.

Бұдан бөлек, елдің сыртқы істер министрі Ине Эриксен Серейде, өнеркәсіп министрі Иселин Нюбе, сондай-ақ басқа да бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер дәрігерлердің жіті бақылауына алынды.

Белгілі болғандай, елдің сыртқы саяси ведомство басшысы мен өнеркісіп министрі наурыз айының басында монархтармен бірге Иорданияға барған. Ал қалған шенеуніктер коронавирусты жұқтыру деректері тіркелген басқа елдерге сапарларынан кейін карантинге жатқызылған.

Айта кетейік, биылғы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясын пандемия деп танығаннан кейін, Норвегия басқа көптеген елдермен қатар қосымша қауіпсіздік шараларын қолға алды.

Осыған байланысты Қазақстан президенті коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасап, қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Норвегия королі мен королевасы карантинге жатқызылды
Mailfire view pixel