RU

Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 адам қай өңірлерге кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 азаматтың қай өңірлерге тарап кеткенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Олар сау азаматтар. Олар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар. 14 азаматымыз өңірлерге тарап кеткен. Олар барған жерінде анықталып, стационарларға оқшауланды. Олар Алматы, Атырау, Степнагорск және Қарағанды қалаларында", - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін, 14 наурыз күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Олардың бірі - Алматыға Мәскеу қаласынан ұшып келген ер адам, екіншісі - Нұр-Сұлтан қаласына Варшавадан келген әйел. Осылайша, елімізде аталған диагнозбен ауыратындар саны 6-ға жетті.

Әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын Nur Otan партиясының отырысы өтпейтін болды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады",- деп жазды ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 адам қай өңірлерге кеткен
Mailfire view pixel