RU

Алматыға Мәскеуден ұшып келген жолаушы коронавирусты ұлынан жұқтыруы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыға Мәскеуден ұшып келген жолаушы коронавирусты ұлынан жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Алматыдағы төртінші науқас Мәскеуден ұшып келген Қазақстан азаматы. Оның айтуынша, коронавирусты ұлынан жұқтыруы мүмкін. Себебі, ол Мәскеуде Италиядан келген ұлымен кездескен. Ал баласы коронавирус инфекциясын Италиядан Мәскеуге әкелген тасымалдаушылардың бірі болды. Науқас бұл туралы бізге хабарлаған жоқ.
Кеше кешкісін алматылық бір азамат бізге жүгінді, одан тест алынды.Таңертең оң нәтижие көрсеткенін анықтадық. Бірден ауруханаға жатқыздық. Ол әйелімен тұрады. Әйелі де оқшауланды. Тест нәтижесі шыққан соң бәрі белгілі болады" - деді Тілеухан Әбілдаев басылым ақпарынша.

Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыға Мәскеуден ұшып келген жолаушы коронавирусты ұлынан жұқтыруы мүмкін
Mailfire view pixel