RU

Коронавирусты 8 адам жұқтырды: Біртанов қазіргі жағдайды баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 15 наурыз күні ел аумағында коронавирусты жұқтыру жағдайларының пайда болуына байланысты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі онлайн-форматта брифинг өткізді. Елжан Біртанов қауіпті инфекция туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрі коронавирустың қазіргі жағдайы туралы айтты

Фото: ОКҚ

Министрдің айтуынша, бүгінде инфекцияның тағы екі жағдайы анықталды. Ол 1959 жылы туған алматылықтан табылды. Әйел бұған дейін коронавирус диагнозы қойылған ер адамның әйелі. Екеуі де Мәскеуден ұшып келген.

Екінші жағдай - Сеулдан ұшып келген 25 жастағы ер адам.

"Осы рейспен 130 жолаушы келді, транзиттік жолаушылар да бар, олар ұшып кетті, ал қалған жолаушылар жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланып жатыр. Қалаға ешкім шықпады", - деді Біртанов.

Осылайша, бүгін елімізде коронавирусты жұқтырудың 8 жағдайы тіркелген. Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар,сондай-ақ олардың жақындары мен отбасылары оқшауланды.

"Оқшаулауда және стационарда олармен байланыста болған адамдар да бар . Олармен байланысуы мүмкін дегендер де анықталды. Тізімдер жасалды, олар бойынша біз жұмыс істейміз. Кейбіреулер стационардағы карантинде, кейбіреулер үй жайындағы карантинде, - деп толықтырды министр.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық байланыс жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын байланыстар стационарларда, ал алыс байланыстар - үй жағдайында оқшауланады.

Біртановтың айтуынша, науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталды, олар карантинге жатқызылды.

Министр сақтық шараларын еске салды. Ол гигиена ережелерін сақтауға, қолды жиі жууға, сондай-ақ жұмыс орындары мен тұрғын үйлерін таза ұстауға, азаматтарға адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға кеңес берді.

Қазақстандықтарға үрейленуге - расталмаған ақпаратқа сенбеуге кеңес берді. Барлық сұрақтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің колл-орталығына хабарласыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус жұқтырудың тағы екі дерегі тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусты 8 адам жұқтырды: Біртанов қазіргі жағдайды баяндады
Mailfire view pixel