RU

Диетолог карантин кезінде қалай тамақтану керектігін айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантин кезінде немесе үйден жұмыс істегенде артық салмақ қосу қаупі бар. Бұл қорқыныштан қалай құтылуға болатынын әрі жақсы көңіл күйді сақтаудың мәнін медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Иван Алименко айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik-ке сілтеме жасап.

Диетолог карантин кезінде тамақтану жайлы айтты

Көрнекі фото: pixabay.com

Үйде тәбеттің жиі ашылатыны баршамызға аян. Әйтсе де өз-өзіңді ұстап, шыдамдылық таныту белгілі бір ерік жігерді талап етеді. Тамақтану күнделігін бастау тәуліктің межелі калориясынан аспай, яғни салмағыңызды қазіргі күйінде сақтауға көмектеседі, – дейді дәрігер.

Диетологтың айтуынша, үйдегі адамға орташа есеппен күніне 2000 калория жеткілікті. Тамақтануды бақылауда ұстау, өз-өзіңе есеп беру – ересек адамға тән қылық. Соның арқасында үш сағат сайын аз мөлшерде ас ішсеңіз, қарныңыз ашпайды әрі ағза да өзін жақсы сезінетін болады.

Ал үйден шыққан жағдайда дене шынықтыру сергіту жаттығуларын орындаңыз. Одан бөлек су ішу тәртібін берік ұстаныңыз. Есіңізде болсын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы толыққанды ас ішуді ұсынып отыр, – дейді медицина ғылымдарының кандидаты.

"Артық салмақ жинауға жаңғақ, алма, жеміс-жидек себепші болады. Бұлардың калориясы жоғары болса да, өзіңізді тойымды сезіне алмайсыз. Егер біз жиі су ішіп отырмасақ, тамақты шектен тыс көбірек жеп қоюымыз мүмкін. Сондықтан майлылығы аз сүт қосылған кофе пайдалы болмақ. Бұл сусын ағзадағы сұйықтық көлемін сақтап, калорияның аспауын қадағалайды. Одан бөлек, көңіл күй жақсы болуы үшін жаттығу жасап, би қимылдарын орындап тұру қажет", – дейді Иван Алименко.

Айта кетейік, бұған дейін вирустардан қорғайтын ең пайдалы азық-түліктер жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Диетолог карантин кезінде қалай тамақтану керектігін айтып берді
Mailfire view pixel