RU

Танымал актриса Ольга Куриленко коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Танымал актриса Ольга Куриленко коронавирус жұқтырғанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Танымал актриса Ольга Куриленко коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді

Ольга Куриленко. Фото: instagram.com/olgakurylenkoofficial

Бұл туралы актриса өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

"Үйде "коронавирус" диагнозымен оқшауланып отырмын. Бір аптаға жуық уақыт ауырып жатырмын. Дене қызуы мен әлсіздік менің негізгі белгілерім", - деді әртіс.

Куриленко барлық адамды сақ болуға және вирусты шынайы қабылдауға шақырды.

Айта кетсек, 40 жастағы актриса "Обливион", "Переводчики", "Париж, я люблю тебя", "Семь психопатов" сынды шетелдік туындылар арқасында танымал. Сонымен қатар ол Джеймс Бондтың фильмінде 007 агенттің рөлін сомдаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Голливуд актері Том Хэнкс пен оның жұбайы Рита Уилсонның Австралияда жүргенде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Тексеріс нәтижесінде сынама оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Хэнкс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Актер барлық процедуралар мен ұсыныстарға сүйене отырып, COVID-19 инфекциясының белгілері жойылғанға дейін сыртқы ортадан оқшауланып, толық емделуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Танымал актриса Ольга Куриленко коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді
Mailfire view pixel