RU

Төтенше жағдайдан кейін кредит төлейтіндер үшін қандай өзгеріс болады

Үкімет елімізде 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі орнағаннан кейін қазақстандықтардың несиелері не болатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев қазіргі уақытта министрлер кабинеті шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар негізінде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Тиісті бұйрықты, оның сөзінше, мемлекет басшысы берген. Ол алдағы уақытта коронавирустық пандемияға сәйкес елде төтенше жағдайлардың енгізілуіне байланысты қандай шаралар ұсынылатындығын біліп беретіндігін уәде етті.

"Қазір бұл мәселе пысықталуда", - деді маман.

Мәдиев несиеге демалыс беру бастамасын көптеген кәсіпкерлердің көтергенін жасырған жоқ.

Ұлттық экономика министрінің орынбасарының айтуынша, қазіргі уақыттағы күрделі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шаралар қарастырылуда.

Ол бизнес шығындары сауда орталықтарының, кинотеатрлардың және басқа да ойын сауық орталығының қызметін шектеуге немесе тыйым салуға байланысты есептеліп жатқанын мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845644-ttense-zagdajdan-kejin-kredit-tlejtinder-sin-kandaj-zgeris-bolady.html