RU

Елордалықтарға жұмысқа бармау немесе жұмыс күнін қысқарту ұсынылды

Нұр-Сұлтан әкімшілігі коронавирустың салдарынан ТЖ кезінде астаналықтарға арналған жұмыс жөніндегі ұсынымдарды жариялады. Қызметкерлерді үйден жұмыс істеуге көшіру немесе жұмыс күнін қысқарту немесе аптасына қосымша демалыс енгізу ұсынылып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елордалықтарға ТЖ кезінде жұмысқа бармауды немесе жұмыс күнін қысқартуды ұсынылды
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Мемлекеттік еңбек инспекторы және әкімдік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Исмағұлов елордалық биліктің жұмыс берушілер үшін бірқатар ұсыныстар жасағанын мәлімдеді. Бұл коронавирустың таралуына жол бермеуге көмектеседі.

Атап айтқанда, мүмкін болатын барлық ұйымдарда қашықтықтан жұмыс істеу режимін енгізу ұсынылады.

Егер қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмаса, қызметкерлерді толық емес жұмыс күніне көшіру қажет немесе жұмыс күндер санын қысқартқан жөн.

Сондай-ақ жұмыс берушілер барлық қызметкерлерді вирусты қорғау және алдын алу құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс.

ТЖ кезінде жалақы қалай жүреді?

Исмағұлов қашықтағы жұмыс кезінде қызметкерге байланыс құралдарын беру талап етілетінін атап өтті. Егер байланыс құралдары жеке болса, онда оларға жұмсалатын шығындар жабылуы тиіс.

Қашықтықта жұмыс істеу ұзақтығы жұмыс беруші мен қызметкер арасында келісіледі. Бұл жағдайда жұмыс істелген уақыт үшін ақша төленуі тиіс.

Толық емес жұмыс күні немесе аптасы кезінде істелген жұмыс уақытына сай жалақы есептеледі. Бұл ретте қызметкер жыл сайынғы демалыстан қол үзбейді.

Егер қызметкер төтенше жағдай кезінде үйде баламен қалуға мәжбүр болса, оған ақылы еңбек демалысы беріледі.

Егер кинотеатр немесе бөлшек сауда орны секілді ұйымдар төтенше жағдайға байланысты уақытша жабылса, онда Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес қызметкерлерге демалыс уақытына ақы төленуі тиіс.

Төлем ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни 42 500 теңгеден төмен болмауы міндетті. Төлем тараптардың келісімі бойынша одан да көп болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ кезінде қызметкерлердің жалақысы қалай төленетінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845824-elordalyktarga-zmyska-barmau-nemese-zmys-knin-kyskartu-synyldy.html