RU

Қазақстандағы ТЖ: Медеу, Шымбұлақ және Көк-төбе жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың қалалық билігі бірқатар туристік нысандарды жабу шешімін қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Medey.kz

Фото: Medey.kz

Жергілікті атқарушы органның хабарлауынша, Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе сынды туристік нысандар келесі айдың 15-не дейін жабылды.

Сонымен қатар, Алматы мен Алматы агломерациясына турлар ұйымдастыратын туристік фирмалардың да жұмысы тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында екі мегаполисте 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешімге келді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың жаңа 5 жағдайы тіркелді.

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетіп отыр. Олардың 15-і оңтүстік астанада және 17-і Нұр-Сұлтанда.

Айта кету керек, әлем бойынша, аталған вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмды. Ал 79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандағы ТЖ: Медеу, Шымбұлақ және Көк-төбе жабылды
Mailfire view pixel