RU

Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың жаңа 5 жағдайы тіркелді. Инфекция жұқтырғандар Алматы және Нұрсұлтан қалаларында анықталып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың тағы 5 оқиғасы анықталды

Көрнекі фото: Yin Liqin/China News Service via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, жаңа фактілердің төртеуі Алматы аумағында, ал біреуі Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетіп отыр. Олардың 15-і оңтүстік астанада және 17-і Нұр-Сұлтанда.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында екі мегаполисте 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешімге келді.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 27-ге жеткенін хабарлаған едік.

Әлем бойынша, аталған вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмды. Дегемен 79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус табылды
Mailfire view pixel