RU

Ғалымдар коронавирустың жылдам таралуының себебін атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, Қытайда жаңа коронавирустың жылдам таралуының басты себебі – аурулары ұзақ уақыт бойы анықталмаған жеңіл белгілері бар науқастардың көп болуы, сондай-ақ вирустың өзінің жоғары жұқпалы қасиетке ие болуы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: TASS / Bernd Thissen

Көрнекі фото: TASS / Bernd Thissen

Қытайда COVID-19 инфекциясына шалдығудың тіркелген деректері мен адамдардың қозғалысы туралы мәліметтерді біріктірген математикалық модельдеу нәтижелері 2020 жылғы 23 қаңтарда Уханьға кіріп-шығуға шектеу қойылмай тұрып, елдегі оқиғалардың 86 пайызы құжатталмағанын көрсеткен.

Бұл вирустың жылдам географиялық таралуына ықпал еткен.

Осылайша, 2020 жылғы 23 қаңтарда Қытай үкіметі халықтың қозғалысын бақылау бойынша шаралар қабылдағаннан кейін вирустың таралу қарқыны айтарлықтай төмендеген.

"Қытайда COVID-19 инфекциясының өршуі ауру белгілері жоқ, болса да жеңіл немесе шектеулі науқастармен байланысты.
Олардың жұқтыру деңгейі мен санына орай, ауру белгілері анықталмаған науқастар халықтың айтарлықтай басым бөлігіне қауіп тудырады. Біз Қытайда осындай ауру белгілері байқалмайтын адамдардың көп болғанын және инфекцияны көп адамға жұқтырғанын анықтадық", – дейді ғылыми зерттеудің жетекшісі, профессор Джеффри Шаман.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес Қазақстан аумағында COVID-19 вирусы 35 адамнан анықталып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар коронавирустың жылдам таралуының себебін атады
Mailfire view pixel