RU

Нұр-Сұлтан мен Алматы сыртында тұратындар арнайы рұқсатсыз қалаға кіре алмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус салдарынан жарияланған карантинге байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы сыртында тұратындар жұмыс орындарына тек арнайы рұқсатпен ғана бара алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қала сыртындағылар

Көрнекі фото: Michaela Handrek-Rehle/Bloomberg via Getty Images

ОКҚ өткен брифингте БАҚ өкілдері Еңбек министрінен қала сыртында тұратын жұмысшылардың карантинге жабылған мегаполистерге қалай кіріп-шығатынын сұрады.

Сауалға жауап берген Біржан Нұрымбетов бүгінде биліктің жұмыс берушілерге қала сыртында тұратын жұмысшыларын онлайн режимге немесе ақылы еңбек демалысына жіберу туралы ұсыныс жасағанын мәлімдеді.

Екеуі де мүмкін болмаған жағдайда, қызметкердің жұмыс орнына баруы үшін арнайы рұқсат қағазы керек болады.

"Мұндай мүмкіндік қарастырылуда. Ол үшін арнайы рұқсат керек", - деді Нұрымбетов.

Оның сөзінше, рұқсат құжатын жұмыс берушінің сұранымы бойынша әкімдіктер береді. Алайда ол рұқсаттың нақты қанша күнге берілетінін айтпады.

Еске сала кетсек, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде 35 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқастардың 17-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан мен Алматы сыртында тұратындар арнайы рұқсатсыз қалаға кіре алмайды
Mailfire view pixel