RU

Алматы карантинге жабылады: "Алтын Орда" маңында ұзын-сонар кептеліс басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін түн ортасында Алматы қаласы карантинге жабылады. Соған байланысты, шаһардың шыға берісіндегі "Алтын Орда" бағытында ұзын-сонар автокөлік кептелісі пайда болды. Куәгерлер қала маңындағы жайтты видеоға түсіріп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

кракнт

Instagram / anti_radar_almaty_kz видеосынан кадр

Куәгерлер видеоны Райымбек даңғылында таспалаған. Ролик кадрларында ұзын-сонар кептелістің Ақкент шағын ауданына дейін жетуге аз қалғаны көрінеді.

Айта кетсек, "Алтын Орда" базары маңында жол айрықтың салынуына байланысты көлік кептелісі жиі болып тұрады. Алайда, бүгін 18 наурызда ол бұрынғысынан әлдеқайда ұзарып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Қала сыртында тұратын тұрғындар арнайы рұқсат қағазынсыз шаһар ішіне кіре алмайды. Ал рұқсат қағазын жергілікті әкімдіктер беруі тиіс.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде 35 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқастардың 17-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Сондай-ақ, бүгін Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оңтүстік астанадағы науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы карантинге жабылады: "Алтын Орда" маңында ұзын-сонар кептеліс басталды
Mailfire view pixel