RU

Коронавирус пандемиясының адамзатқа пайдасы бар ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус пандемиясының арқасында ауа сапасы тазарып, адамзатты құтқаруға болады. Әлемдік ғалымдар осындай тұжырым жасап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Коронавирустың арқасында адамзатты құтқарып қалуға бола ма

Фото: lenta.ru

Мамандардың айтуынша, COVID-19 инфекциясының арқасында ауа ластануынан көз жұматындар саны азаяды.

Қытайда соңғы екі айда атмосфераға лас заттардың бөлінуі тоқтап, бес жасқа дейін төрт мың бала мен 70 жасқа дейінгі 73 мың ересектің аман қалуына себеп болған.

Италияның солтүстігінде де ауа ластануының айтарлықтай азайғанын көрсететін суптниктік деректер бар. Елде автокөліктер, жүк көліктері мен электр станцияларынан бөлінетін азот диоксидінің деңгейі едәуір азайған.

Еске сала кетсек, бұған дейін NASA мамандары коронавирустың экологияға оң әсер еткенін анықтаған еді.

Уханьда 2019 жылы пайда болған короновирус салдарынан Қытай билігі қаланы жауып, кәсіпорындар мен транспорттық қозғалысты тоқтатқан

NASA мамандарының сөзінше, бұл өзгерістер ел экономикасына айтарлықтай шығын әкелгенімен, Уханьдағы экологиялық жағдай біраз жақсарған. Бастапқыда бұл тек Уханьда ғана байқалған, алайда қазіргі уақытта Қытайдың басқа да аудандарындағы экологиялық жағдай жақсара түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус пандемиясының адамзатқа пайдасы бар ма
Mailfire view pixel