RU

Петропавлда антисептик өндірісі қолға алынды

Петропавл қаласында антисептик өндірісі қолға алынып, сұйықтық көп салалы кәсіпорындардың бірінде шығарыла бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Петропавлда антисептик өндірісі қолға алынды
Фото: Хабар 24: UGC

Мұндағы технолог мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сай оның алғашқы тәжірбиелік сынамасын жасады. Енді болашақта өндіріс көлемін арттырмақ ниетте.

Шамамен бір ауысымда өндіріс зарарсыздандыру затының бір тоннасын өндіруді жоспарлап отыр. Ал оған қажетті спирт пен түрлі химиялық қоспалар еліміздің өзге өңірлерінен жеткізіліп жатыр. Осылайша, отандық өнім шетелдік импортты алмастырмақ. Осы зауыт кеше ғана сұйық антибактериалдық сабын жасауға кірісті.

Өндіріс басшысының айтуынша, өндіріс сұраныстың деңгейіне қарай жұмыс күшін арттыруға дайын.

"Антисептик жасауға біздің толықтай мүмкіндігіміз бар. Сәтін салса, 2-3 күнде бұл затты біз сауда орындарына сатылымға шығаруды көздеп отырмыз. Қажеттілік болып сұраныс артып жатса, үш ауысымда жұмыс істеуге дайынбыз. Бағасы да нарықтағыдан қымбат болмайды, – деді Андрей Генне.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жетті.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты "Eurovision-2020" байқауы өтпейтін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846228-petropavlda-antiseptik-ndirisi-kolga-alyndy.html