RU

ДДСҰ: Коронавирусқа қарсы вакцина сынағы басталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мәлімдемесіне сәйкес, ғалымдар әлемді жайлаған коронавирусқа қарсы вакцина дайындауға бағытталған алғашқы тест жұмыстарын бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Тедрос Адханом Гебрейесус жаңа вирустың генетикалық бірізділігін зерттегеннен кейін араға екі ай ғана уақыт салып, ғалымдардың вакцинаны сынауды бастағанын мәлімдеді.

Ол әлемдегі барлық зерттеушілерге эксперименталды дәрілерді әрдайым бағалап отыруға кеңес берді.

Ұйым бұған дейін коронавирусты анықтауға арналған тесттің бағасы қанша екенін жариялаған болатын.

Айта кету керек, Қазақстанда антисептик өндірісі қолға алынды.

Сондай-ақ, Италияда соңғы тәулікте коронавирустың жаңа типінен туындаған ауру салдарынан 475 адам көз жұмды.

Жалпы коронавирус 167 мемлекетте анықталған.

Қазіргі уақытта 82,8 мың адам сауығып кетті. 8010 адам вирустан туындаған аурулардан немесе асқынулардан қайтыс болды.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты "Eurovision-2020" байқауы өтпейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылады.

Сондай-ақ, оңтүстік астана басқа қалалармен әуе және темір жол хабарламасын тоқтатады.

Алматылықтарға Алматыға оралу үшін, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге оңтүстік астанадан шығу үшін 72 сағат берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846250-dds-koronaviruska-karsy-vakcina-synagy-bastaldy.html