RU

Атырауда 1 миллион масканы заңсыз сатпақ болғандардың жолы кесілді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау қаласында үлкен көлемдегі медициналық маска сатпақ болғандардың жолы кесілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда 1 миллион маска заңсыз сатылмақ болған (видео)

Фото: видеодан кадр

Заңсыз әрекет жайлы ақпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінде хабарланды.

Ведомство дерегі бойынша, Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайдың жарияланғанын пайдаланып, Атырауда жалпы құны 313 млн теңге болатын 1 млн медициналық бетпердені сату жүзеге асырылмақ болған.

Сатушылардың тиісті құжаттары болмаған. Қазір заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Комитет маска мен антисептик бағасын негізсіз көтергендерді байқаған азаматтарға келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұрады: 8 (7172) 70-84-78, 8 (7122) 35-42-10 (Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті).

Айта кетейік, 23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болды.

Ал коронавируспен күресуге үлес қосу үшін алматылық "жасотандықтар" мұқтаж жандарға арнап 100 масканы қолдан тіккенін жазған едік.

Сондай-ақ, қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Алматы қаласының 22 наурыз күні толығымен жабылатынын мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда 1 миллион масканы заңсыз сатпақ болғандардың жолы кесілді (видео)
Mailfire view pixel